Мукашева Кульпаш Байзадиновна
Ұлытау облысы білім басқармасының
Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-
лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, математика пәні
мұғалімі
13.07.1968 жылы Қарағанды облысы, Актоғай ауданында дүниеге келген.
Марапаттары:
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2022 ж.;
«Аманат» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, 2024 ж.;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-
практикалық орталығының Алғыс хаты, 2024 ж.;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық
білім академиясының Алғыс хаты, 2025 ж.
«Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісі, 2021ж.
Жалпы жұмыс өтілі: 40 жыл
Саладағы жұмыс өтілі: 25 жыл
Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі 7,5 жыл
Кульпаш Байзадиновна Жезқазған педагогикалық институтын «Математика» мамандығы бойынша бітірген, жоғарғы білімді, біліктілігі жоғары педагог-сарапшы, бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған, өзіндік тәжірибесі қалыптасқан, кәсіптік этикасы жоғары іскер басшы.
Оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қасиеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, тарихи ойлау дағдылары мен отансүйгіштік қасиеттерін дамыту- Кульпаш Байзадиновнаның басты ұстанымы. Осы мектепте жұмыс істеген уақытында өзін белсенді, көшбасшы және креативті мұғалім ретінде көрсетті. Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарады: міндеттерді тиімді және жедел орындап отырады.
Әр сабағында оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланады. Оқушылары зияткерлік марафондарға, пәндік олимпиадалар мен байқауларға белсене қатысады.
Кульпаш Байзадиновна жалпы теориялық пәндердің негізін, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқару міндеттерін шешуді қажетті деңгейде білетін білікті маман. Оқу мен тәрбие үрдісін бір-бірінен ажыратпай, бірлікте ұйымдастырып, бағыт беру мен жаңашылдыққа ұмтылуының арқасында педагогикалық ұжымның жеткен жетістіктері зор. Кульпаш Байзадиновнаның басшылығымен мектеп-лицей «Жетекші мектеп» жобасы аясында Жезқазған қаласының мектептерімен әдістемелік-педагогигалық біріңғай алаңда үйлесімді жұмыс атқаруда.
Кульпаш Байзадиновна қайырымдылық, мейірімділік, түсінушілік, үнемі қол ұшын беруге дайын, мақсат қойғыштығы, тәрбиелігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді.
Осы мектеп-лицейде барлық қызмет еткен уақытында (соңғы 2 жылда) тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілерінің болмаған.
Жетістіктері:
«Табысты мектеп командалық жұмыстың нәтижесі» тақырыбындағы Шабал Бейсенбекова атындағы IV облыстық педагогикалық байқауының «Lesson Study әдісін мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігі» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталған- 2024 ж;
Табысты мектеп – командалық жұмыстың нәтижесі» тақырыбындағы Шабал Бейсенбекова атандағы ІІІ облыстық педагогикалық байқауының «Білімнің шарықтау шегі – сапа менеджменті» бағыты бойынша 2-орын, 2023 жыл;
«Педагог-дебатер» І облыстық пікірсайыс турнирінде 3-орын, 2023ж;
Математика пәні мұғалімі Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңінде І орын, республикалық конкурсында грамотамен марапатталды;
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің II дәрежелі диплом иегері-2024 ж
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 8 сынып оқушысы Султанбеков Бекарыс 1 орын иеленді, 2025 ж
9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА», 1-дәрежелі диплом, 2023 жыл.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жаратылыстану-математика бағыты бойынша «ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА-2024», 1-дәрежелі диплом, 2024 жыл.
Қаныш Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадада 9-сынып оқушысы Алтай Нұрәлі 3-орынды иеленді, 2023 жылы және 2024 жылғы жеңімпазы;